Текст
Оқыту қазақ тілінде емес 8-сыныпта «Отбасы және отбасы құндылықтары» тақырыбында ашық сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының мақсаты: «Отбасы» сөзінің мағынасын ашу. Отбасы құндылықтарды, дәстүрлерді түсіну дағдыларын қалыптастыру; отбасы мен достарын түсіну және оларға деген құрметпен қарау. Сабақтың басында оқушылар «отбасы» сөзінің мағынасын ашты. Сабақ барысында отбасы құндылықтары мен салт-дәстүрлері туралы бейнеролик көрді, балалар отбасының не үшін қажет екенін талқылап, мақал-мәтелдерді оқыды. Оқушылар әрбір отбасында қандай отбасылық құндылықтар, дәстүрлер мен сезімдер басым болуы керектігін түсінді. Сынып сағатының алға қойған мақсаты мен міндеттері орындалды.
8-сыныптың сынып жетекшісі: Кельдиарова М. Б.